Loading...
АҚШ-қа иммиграциялық виза алу үшін медициналық тексеруден өту
Иммиграциялық тексеру клиникада сенбі, жексенбі және мейрам күндерінен басқа күн сайын сағат 8:00 -12:00 ге дейін жүзеге асырылады.

Медициналық тексеруге тіркелу үшін imc.migration.usa@gmail.com электрондық поштасына қолайлы күнді жазып, алдын- ала төмендегі құжаттарды жіберу қажет (24 сағат ішінде жауап аласыз):
  • Шетелдік төлқұжаттың фотосуреті бар бетінің көшірмесі
  • АҚШ Консулдығына сұхбатқа шақыру хаты (Case Number)
  • Медициналық тексеруден өтетін әр адамның DS-260 Confirmation Page или DS-160 Confirmation Page
  • Медициналық тексеруден өтетін әр адамның туған жері/елді мекені/ауылы
  • Азаматтығыңызды өзгерткен болсаңыз, бұрынғы азаматтығыңызды жазыңыз (Медициналық тексеруден өтетін әр адамға қатысты)
  • Қазір тұрып жатқан толық мекен-жайыңыз бен пошта индексі
  • DS-260/160 формасында көрсеткен АҚШ-та тұратын мекенжайыңыз бен пошта индексі – ағылшын тілінде
  Электрондық пошта мен ұялы телефон нөмеріңіз
  Медициналық тексеруден өтетін әр адамның жұмыс орны мен қызметі
  Балалар үшін - оқу орны (мектептің аты) және сыныбы

Назар аударыңыз! 2 жастан асқан барлық балалар мен ересектер медициналық тексеруден 1–3 күн бұрын TB-SPOT қан талдауы арқылы туберкулезге қосымша тексеруден өтуі қажет.
АҚШ Консулдығы бұл талдауды жасаған 15 жастан асқан барлық өтініш берушілерден кеуде қуысының рентгенографиясынан өтуін талап етеді.

TB Spot қан талдауы арқылы туберкулезге тексеруден өту туралы ақпарат:

Кім осы тексеруден өтуі тиіс?
  • 2 жастан асқан балалар
  • Ересектер

Қай жерде өтуі тиіс?
Алмат қаласы, GammaLab зертханасы
Мекенжайы: Ходжанов көшесі, 55А
Тел.: +7 727 313 17 37, WhatsApp: +7 705 100 03 33
Сайт: https://tbrklz.gammalab.kz/contacts

Қашан өтуі тиіс?
Дүйсенбіден бейсенбіге дейін, сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, сол жердегі кезек бойынша. Жеңіл таңғы ас ішуге рұқсат етіледі.
Өзіңізбен бірге барлық өтініш берушілердің төлқұжатын және балалардың туу туралы куәлігінің түпнұсқасын алып бару қажет.

Нәтиженің дайын болу мерзімі мен құны:
Талдаудың құны - 50 000 теңге
Нәтиженің дайын болу мерзімі - 2 жұмыс күні

Мысалы:
  • Егер талдауды дүйсенбі күні тапсырсаңыз, нәтижесі сәрсенбі күні дайын болады.
  • Егер бейсенбі күні тапсырсаңыз, нәтижесі келесі дүйсенбі күні дайын болады.

- Тест тапсыру үшін маңызды ақпарат: Тест тапсыратын күні вакцина алуға болады ма?
Егер сіз тірі вакциналарды (ҚҚП, ІПВ және желшешек) алған болсаңыз және одан бері 30 күн өтпесе, IGRA тестін тапсырар алдында кем дегенде 30 күн аралық сақтау қажет (себебі осы сынақтың жалған оң нәтижесі шығу қауіпі бар). Басқа вакциналарды алу тест нәтижесіне әсер етпейді. Медициналық тексеруден өткенге дейін тесттен өтуге болады. Тест нәтижелері 6 ай бойы жарамды.

Медициналық тексеру төмендегіні қамтиды:
Кестеде жасына және виза санатына сәйкес негізгі зерттеулер көрсетілген.
Құрметті өтініш білдіруші!
Медициналық тексеруден өту үшін маған қандай вакциналар қажет?

Медициналық тексеруге келген күні дәрігер сіздің вакцинация картаңызға қарап жасыңызға сай қажетті және АҚШ Консулдығы міндетті түрде талап ететін барлық вакцинациялар туралы айтып береді.
Медициналық тексеруден өтуге дайындалу барысында сізге қажетті вакцинация туралы алдын ала дәрігермен кеңесу үшін, немесе антиденелерді анықтау мақсатымен ақылы консультацияға жазылсаңыз болады. Сол кезде дәрігер сізге медициналық тексеруден өту үшін қандай вакциналар алу керектігін айтады.

Консультация барысында дәрігер сіздің сұрақтарыңызға жауап береді, АҚШ-тың вакцинация күнтізбесіне сәйкес қажетті вакциналарды анықтайды, сондай-ақ қандай антиденелерге талдау тапсыру керектігі жайлы кеңес береді.

Медициналық тексеру бойынша консультация алуға жазылу үшін call-центрге хабарласыңыз:
Тел.: +7 727 378-64-64
WhatsApp: +7 702 176-62-33 (тек WhatsApp-қа жазу үшін)

Медициналық тексеру кезінде сіз вакцинация алғаныңызды растайтын құжаттарды алып келуіңіз керек. Жасыңызға байланысты сізге қажетті және АҚШ ұлттық иммундау кестесіне сәйкес міндетті түрде талап етілетін вакциналарды алудан бас тарту және вакциналар туралы жалған ақпарат айтудың салдарынан сізге виза беруден бас тартылуы мүмкін.

Медициналық тексеруден өтуге келгенде төмендегі құжаттарды ала келіңіз:
  Әрбір өтініш берушінің және балалардың төлқұжаттың түпнұсқасы.
  Әрбір өтініш берушінің 3×4 см өлшемдегі бір түрлі-түсті фотосуреті. Фотосуретте бас және иық бөлігі анық көрінуі тиіс. Фотосуреттерді алдын ала қиып дайындап әкелуіңізді сұраймыз.
  Алынған вакциналар туралы ақпараты бар медициналық/амбулаторлық картаның түпнұсқасы: ересектер үшін — бар болса, балалар үшін — міндетті түрде.
  • АҚШ Консулдығына сұхбатқа шақыру хаты.
  • 2 жастан асқан барлық өтініш берушілер үшін туберкулезге қан талдауының нәтижесі (TB-SPOT / IGRA-тесті). Талдау нәтижесін медициналық тексеруден өткеннен кейін ұсынуға болады.
  Медициналық тексерудің төлемі теңгемен, қолма-қол немесе Visa/Mastercard банк картаcымен жүзеге асырылады.

* Егер төлқұжатыңыздың мәліметтері өзгерген болса, оның бірінші бетін медициналық тексеру басталғанға дейін 48 сағат бұрын жіберу керек. Медициналық тексеру күні жаңа төлқұжат ұсынылған жағдайда тексеру нәтижесі 1-2 жұмыс күнінен кейін дайын болады.

* Егер сіз қандай да бір дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт бойы қабылдап жүрген болсаңыз, медициналық тексеру үшін осы препараттардың атаулары бар тізімді дайындап келіңіз.

* Егер медициналық тексеру күні сізде немесе балаларыңызда ЖРВИ белгілері байқалса, онда тексеруді басқа күнге ауыстыру қажет.Сондай-ақ, медициналық тексеру күні таңғы ас ішуге болатынын, талдау тапсыру үшін ашқарынға келудің қажеті жоқ екенін ескеріңіз.


Сондай-ақ, медициналық тексеру күні таңғы ас ішуге болатынын ескеріңіз, тесттерді тапсыру үшін аш қарынға келудің қажеті жоқ.

*** Медициналық тексеруді жоспарлау кезінде кейбір жағдайларда (сізде АИТВ инфекциясы, анамнездегі туберкулез және басқа да өкпе аурулары анықталса) қосымша тексеру қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Бұл тексеру үш жұмыс күнін (демалыс күндері есепке алынбайды), ал нәтижелердің дайын болуы 52-ден 65 жұмыс күнін қажет етеді. Медициналық тексеруге келетін және қайтатын күндеріңізді алдын ала жоспарлаңыз.

Медициналық тексеруден өтіп, туберкулезге арналған TB-SPOT (IGRA-тест) талдау нәтижелерін алғаннан кейін, медициналық тексеру нәтижелеріңіз тікелей Консулдыққа жіберіледі. Кейбір жағдайларда виза санатына байланысты сізге қолыңызға мөрленген конверт беріледі.
Медициналық тексерудің құны (вакцинаны және туберкулезге қан анализін есептемегенде) - 130 000 теңге.

Медициналық тексеруден қайта өту құны (вакцинаны есептемегенде) бастапқы тексеру бағасымен бірдей - 130 000 теңге.

*** Медициналық тексеру бағасына вакцина мен туберкулезге қан анализінің құны кірмейді.

Біздің мекен-жайымыз:Мұқанов көшесі 235, Қабанбай батыр көшесінің қиылысы
Тек WhatsApp:
Дс-Жм: 07:30-18:30
Сйс. 12:00-13:00 - үзіліс
Сенбі: 08:30-13:30
Иммиграция бөлімі:
(тек иммиграция мәселелері бойынша)
Дс-Жм: 09:00-17:00
Сйс. 12:00-13:00 - үзіліс
Жұмыс тәртібі:
Мұқанов көшесі, 235:
Серкебаев даңғ., 111 (Гагарин даңғ., 311А):
Дс-Жм: 09:00-17:00
Сйс. 12:00-13:00 - үзіліс
Сенбі: 09:00-13:00
Байланыс
Біздің екі клиникамыз Алматы қаласында, Мұқанов көшесі 235 және Серкебаев даңғылы 111 орналасқан
Кеңес алуға жазылу
Дәрігердің кеңесі клиникада немесе онлайн
Шинкаренко Ирина
Бас дәрігерге электрондық пошта арқылы хабарласыңыз Dr.IShinkarenko@imcalmaty.kz
Шинкаренко Ирина
Бас дәрігерге электрондық пошта арқылы хабарласыңыз Dr.IShinkarenko@imcalmaty.kz
Онлайн қабылдау
Біздің дәрігерлерден онлайн кеңес алу үшін төмендегі форманы толтырып, ауру белгілерін жазыңыз. Дәрігермен байланысу үшін платформаны таңдаңыз
Науқастың деректері
Қабылдау күні мен уақыты
Дәрігерді таңдау
Қосымша ақпарат
Сообщение об успешной отправке!